Таразда зорланған 7-сынып оқушысы ауруханаға жатқызылды


ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда азғыннан зардап шеккен оқушы қыз ауруханаға жатқызылды. Ел арасында тараған жәбірленушіге күдіктіден инфекциялық ауру жұқты деген ақпарат жалған болып шықты, — деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает http://topwebbusinesses.net

Бұған дейін Тараздағы №6 мектептің 7 сынып оқушысының аталған білім ордасының әжетханасында зорланғандығы, күдіктінің қолға түскендігі, оған жауапты басшылардың жұмыстан қуылғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Бұған дейін үй жағдайында емделген азғыннан азап шеккен жеткіншек бүгін ауруханаға жатқызылды. Ал, әлеуметтік желілерде оған азғындық жасаған азаматтан тері ауруы жұқты деген ақпаратты денсаулық басқармасы жоққа шығарды.

«Оқушы облыстық балалар ауруханасында 10 күндей жатады. Жағдайы қазір жақсы және бірқалыпты. Ал, оған азғындық жасаған адамнан ауру жұқты деген ақпарат шындыққа жанаспайды»,-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жібек Исаева.

Ал, күдікті енді 30 жылға жуық өмірін темір торда өткізуі мүмкін. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев хабарлады.

Оның айтуынша, аталған күдікті 17 жасында зорлау қылмысы үшін сотты болған. 4 жыл мерзімін абақтыда өтеп, бір жылды шартты түрде өтеген.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/tarazda-zorlangan-7-synyp-okushysy-auruhanaga-zhatkyzyldy_a3586884”